2016 жылдан бастап Қазақстан KAZRC Қауымдастығы атынан CRIRSCO минералдық ресурстар мен қорлар туралы жария есептілік стандарттары жөніндегі халықаралық комитетінің 10-шы мүшесі болып табылады.

CRIRSCO комитетінің құрамы жыл сайын табысты жұмыс істеген және кіру үшін қажетті шарттарды дайындаған кандидаттар қатарынан толықтырылып отырады.

Қазақстаннан кейін CRIRSCO мүшелігіне Индонезия, Түркия, Үндістан, Филиппин елдері кірді.

Қазіргі уақытта CRIRSCO-ға кіруге үміткерлер қатарында Қытай, Эквадор, Қырғызстан, Сауд Арабиясы Корольдігі және Батыс Африка бар.

KAZRC кодексі, CRIRSCO стандарттар тобына кіретін барлық кодекстер сияқты, 2016 жылдан бастап KASE қор биржасында танылады, ал AIX листингтік ережелеріне KAZRC кодексі 2019 жылы енгізілген.

2018 жылдан бастап KAZRC қазақстандық кодексі мемлекеттік органдарға (Геология комитеті, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) минералдық ресурстар мен қорларды бағалау жөніндегі есептілік үшін заңнамалық түрде қабылданды. Осы уақыт ішінде KAZRC стандарттары бойынша Геология комитеті 122 есеп қабылдады.

KAZRC Қауымдастығының негізгі қызметі - CRIRSCO стандарттарының халықаралық Үлгісін жаңартылуына сәйкес KAZRC кодексін әзірлеу, өзектендіру және енгізу.

CRIRSCO халықаралық Үлгісін қолдану тәжірибесін талдау, нақтылау және дамыту бойынша жұмыс барлық мүшелердің қатысуымен тұрақты негізде жүргізіледі. Жаңартылған Үлгі бекітілгеннен кейін, қатысушы елдердің кодекстерінде қажетті бейімдеу жүзеге асырылады. Биылғы жылы ESG (environmental, social, governance - қоршаған ортаны қорғау, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасау, корпоративтік басқару) талаптарын әзірлеу және кейіннен CRIRSCO Үлгісінің жаңа нұсқасына енгізу аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ жекелеген терминдер мен анықтамаларға нақтылау енгізіледі.

KAZRC кодексін өзектендіру жұмыстарына KAZRC Қауымдастығының мүшелері қатысады, ал негізгі жұмысты PONEN мүшелері орындайды.

2024 жылға дейін KAZRC Қауымдастығының құрамына 7 мүше - 2 қауымдастық (ТМКҚ және ӨГҰҚ), Тәуелсіз жер қойнауы сарапшыларының қоғамдық бірлестігі (PONEN) және 4 коммерциялық компания - Қазгеология АҚ, Казцинк ЖШС, Қазақмыс Корпорациясы ЖШС, Майкромайн Орталық Азия ЖШС кірді.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап KAZRC қауымдастығының құрамы ERG Exploration ЖШС, Полиметалл Евразия ЖШС және Қазақстандық Тау-кен Палата Ассоциациясы ЗТБ жаңа мүшелерімен толықты.

Алдағы жылы KAZRC кодексін өзектендіру, минералдық ресурстар мен қорлар бойынша есептілік саласында үздік әлемдік тәжірибені енгізу бойынша ҚР салалық заңнамасына ұсыныстар әзірлеу, оқыту семинарларын өткізу бойынша көптеген жұмыстар күтіп тұр. Бұл жұмысқа CRIRSCO стандарттарымен жұмыс тәжірибесі бар KAZRC қауымдастығының барлық мүшелерінің мамандарын белсенді түрде тарту, осы маңызды міндеттерді табысты шешудің кепілі болып табылады.