Мақсаттар мен міндеттердің негізгі қағидаттары

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ:

KAZRC қауымдастығы жекелеген мемлекет не өңірлерді көрсететін Ұлттық жария есептілік ұйымдарына (ҰЖЕҰ) қатысты CRIRSCO талаптарына сәйкес құрылды.

  1. ҰЖЕҰ CRIRSCO ШАБЛОНЫНА сыйымды жария есептілік стандарттарының кодексін әзірлеуі тиіс және оның жандануы үшін жауапты болады. Стандарттар кодексі жария есептілік стандарты ретінде елде/өңірде танылуы немесе кәсіби ұйымдардың кеңінен қолдауына ие болуы тиіс.
  2. ҰЖЕҰ есептіліктің ұлттық немесе өңірлік стандарттарына түзету енгізбес бұрын CRIRSCO басқа мүшелерімен халықаралық конультация жүргізуі қажет.
  3. ҰЖЕҰ өз мүшелігінде қолданыстағы тәртіптік жүйелермен және CRIRSCO Шаблонында айқындалғандай, құзыретті тұлғалардың мінез-құлқын реттейтін этика кодекстерімен сенімді өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдарды қамтуы тиіс.
  4. ҰЖЕҰ ықыластылық көрсетуі және CRIRSCO қызметіне қатысуы тиіс. Геологиялық барлау жұмыстары, минералдық ресурстар және минералдық қорлар нәтижелері туралы жария есептілік қауымдастығы – KAZRC қауымдастығы 2015 жылғы 15 қазанда құрылды.

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. CRIRSCO халықаралық комитетінің шаблонына сәйкес Геологиялық барлау жұмыстары, Минералдық ресурстар және Минералдық Қорлар (KAZRC кодексі) Нәтижелері туралы жария есептіліктің ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;
  2. CRIRSCO талаптарына сәйкес KAZRC Кодексін қолдау және жандандыру;
  3. KAZRC Қауымдастығының мүшелеріне кәсіби-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
  4. Қазақстан Республикасын CRIRSCO комитетінде көрсету

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР

KAZRC қауымдастығының құрылтайшылары заңды тұлғалар болып табылады:

  1. «Қазақстан Республикасы Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  2. «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  3. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы.

KAZRC қауымдастығына мүшелік.

KAZRC қауымдастығының құрылтайшысы мен мүшелерінің тең құқықтары мен міндеттері бар.

KAZRC қауымдастығының мүшелері заңды тұлғалар ғана, оның ішінде жарғылық мақсаттары мен қызмет түрлері жер қойнауын пайдалану саласымен байланысты кәсіби қоғамдар болуы мүмкін. Осындай заңды тұлғалар бірлестігіне қатысатын заңды тұлғалар бірлестіктері KAZRC қауымдастығына енген жағдайда жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

KAZRC қауымдастығы жаңа мүшелердің кіруіне ашық.

Пікірлер рұқсат етілмейді