Аукешев Бекасыл Капбасұлы
KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры
Бекасыл Капбасұлы Аукешев — 10 жылдан астам кәсіби қызметін Қазақстанда геологиялық барлау саласын дамытуға арнаған тәжірибелі геофизик, басқарушы және қоғам қайраткері. Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, университетте «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірген. Қазіргі уақытта Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде докторантурада оқуын жалғастыруда.
Бекасыл Аукешев өзінің кәсіби дағдыларын «Азимут Геология» ЖШС, ҚР Энергетика министрлігі, «Тау-Кен Самұрық»ҰТК» АҚ, «Kazakhmys Barlau» ЖШС, «Qazaq Geophysics» ЖШС сияқты саланың бірқатар негізгі ұйымдарында жұмыс істей отырып қалыптастырды. Ол өзінің қызмет жолында геофизика инженерінен геологиялық жобалар мен департаменттердің жетекшісіне, содан кейін халықаралық геофизикалық компанияның бас директорына дейін көтерілді.
2025 жылдан бастап Бекасыл Аукешев «Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы Қазақстандық жария есептілік Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры қызметін атқарады, минералдық ресурстар туралы есептілікте ашық және халықаралық танылған стандарттарды қалыптастыруға белсенді қатысады.
Бекасыл Қапбасұлы – президенттік жастар кадр резервінің жеңімпазы (2019), «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі (АҚШ), Калифорния Сан-Диего университетіндегі Leadership Academy for International Professionals бағдарламасының қатысушысы. «ПОНЭН» қоғамдық бірлестігінің, «Атамекен» ҰКП геологиялық сала Комитетінің мүшесі, сондай-ақ ТМКҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.
Саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің Алғыс хатымен және ТМКҚ «Құрметті геолог» атағымен марапатталды. «Жас геолог» корпоративтік қорының жұмысына қатысуды қоса алғанда, жастар бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайды.