Түркияда инвестициялық ахуалды жақсартуға және тау-кен саласына инвестиция тартуға бағытталған Тау-кен құқығы туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Тау-кен құқығы туралы заңда мемлекет геологиялық барлау, пайдалы қазбалар қорлары және резервтері туралы жария есеп беру стандарттары жөніндегі UMREK комитет құрылады, ол CRIRSCO үлгісіне негізделген Түркияның қоғамдық есеп беру стандарттарын әзірлеп, жүзеге асырады. UMREK комитеті мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың, қор биржаларының, банктердің, кәсіби ұйымдардың өкілдерінен құрылады. Тау-кен өнеркәсібінде жоғарыда аталған барлық қатысушылардың өкілдерін қамтитын жұмыс тобы үстіміздегі жылдың басынан бері жұмыс істеп келеді.
CRIRSCO мүшелерінің шақыруымен екі рет кеңейтілген семинарлар өткізілді.
Тамыздың 24-26 семинарды ұйымдастырушылардың шақыруымен KAZRC қауымдастығы атынан Атқарушы директоры екінші семинарға қатысты.
CRIRSCO комитетінің атынан Гарри Паркер (АҚШ), Роджер Диксон (Оңтүстік Африка), Баттерден Даш (Моңғолия) және Фелипе Алвес (Бразилия) қатысты.
Семинар өте жақсы ұйымдастырылды, UMREK ұсынған барлық құжаттар егжей-тегжейлі қаралды, әрі қарай жұмыс үшін жол картасына ұсынымдар әзірленді.
UMREK CRIRSCO-ға 2017 жылдың аяғына дейін қатысуға дайындалып жатыр және CRIRSCO-ның барлық басқа мүшелері сияқты KAZRC қауымдастығы бұл бағытта оны қолдайды.