«Қазгеология ҰГБК» АҚ, «Қазцинк» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, ТМКҚ және ГӨҰА қауымдастықтары, «Майкромайн Орталық Азия» ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ геологиялық-барлау және тау-кен өндіру компанияларынан, Жер қойнаулары тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігінен (ПОНЭН) құралған KAZRC қауымдастығының мүшелері ПОНЭН стандарттары жөніндегі комитет әзірлеген KAZRC Кодексінің жаңа нұсқасын мақұлдады және бекітті.

KAZRC Кодексінің жаңа нұсқасы 2019 жылы жаңартылған CRIRSCO халықаралық үлгісінің қағидаттары мен талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, оған Қазақстанда ГКЗ стандарттарынан KAZRC стандарттарына ауысу кезінде мамандар үшін пайдалы болаатын кейбір нақтылаулар мен толықтырулар енгізілді.

Кодекстегі негізгі өзгерістер:

  1. Техникалық зерттеулер деңгейлері нақтыланды (Бастапқы бағалау (Scoping Study), Бастапқы ТЭН (Pre-feasibility Study) және Тәптіштелген ТЭН (Feasibility Study).
  2. Минералдық Қорлар декларациясына сақтықпен қарауға ерекше көңіл бөлінді.
  3. Іздеудің алдыңғы кезеңінде инвестициялар тарту мақсатында есептіліктің жаңа түрі енгізілді –ІЗДЕУ МАҚСАТЫ (Exploration Target).
  4. МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТ БАҒАЛАРЫН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ бөлімі енгізілді
  5. №1 кесте бағалау өлшемшарттарын зерттеу сатыларына (Бастапқы бағалау (Scoping Study), Бастапқы ТЭН (Pre-feasibility Study) және Тәптіштелген ТЭН (Feasibility Study) бөле отырып, қайта жасақталды.
  6. Зерттеу сатылары бойынша есептілік бөлімдері тәптіштелген №2 кестемен толықтырылды.

 

KAZRC Кодексінің толық мәтінін мына сілтеме бойынша жүктеуге болады:http://kazrc.kz/library/ 

Пікірлер рұқсат етілмейді