АММ–2024 жыл сайынғы Халықаралық тау–кен металлургия форумы 6-7 маусымда Астанада өтті.
Форум алаңдарында құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаевтың шақыруымен Қазақстанға келген CRIRSCO төрағасы Гарт Кирхам сөз сөйледі.
Герт Кирхамның баяндамалары минералдық ресурстар мен қорлар туралы есептіліктің халықаралық стандарттарын дамыту, CRIRSCO жаһандануы, Қазақстанда KAZRC кодексін ілгерілету процесін қолдау мәселелеріне бағытталды.
KAZRC кодексі CRIRSCO стандарттар тобына 2016 жылдан бастап кіреді және 2018 жылдан бастап Қазақстанда қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары туралы есептілік жасау үшін заңнамалық түрде қабылданды.